Қонаевта көпқабатты үйден шыққан өрттің салдарынан 5 бала улы газбен уланып, ауруханаға түсті.
Қонаев қаласы көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, газдан уланудың жеңіл дәрежесі бойынша 5 бала ауруханаға түскен.
Олар — 2017, 2019 жылы туған қыздар мен 2014, 2020, 2022 жылы туған ұлдар.
«Толық тексеруден кейін балалардың үшеуі үйіне жіберілді, екеуі ауруханаға жатқызылды. Жатқызылған науқастардың қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі», — деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 12 ақпан күні Қонаевта балалардың отпен ойнауынан пәтер ішінен өрт шыққан.
«Оқиға орнында кір жуғыш машина мен ас үйдің қабырғасында түсқағаздың, жалпы ауданы 3 шаршы метр жатын бөлмедегі кереуеттің өртенгені анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, балалардың отпен ойнауынан өрт шыққан», — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД.
Қызыл жалын сағат 18:35-те сөндірілді.
Тұрғын үйден 19 адам, оның ішінде 8 бала өз бетінше эвакуацияланды.
Фото: Алматы ТЖД
ПІКІР ЖАЗУ