Шиелі ауданының тұрғыны отбасылық кикілжіңнен соң 2 тәулікке Түркістандағы Отырар мөлтек ауданынан пәтер жалдаған.
Күдіктіні іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Көршілес аймақтар мен мегаполистер бағыттамалар берілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұстады.
«Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», — деді Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері тек ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Фото: Kazinform
ПІКІР ЖАЗУ