Өзбекстанда жүргізуші куәлігімен әуе рейсінде ұшуға рұқсат етілмек

Өзбекстанда жаңа жүргізуші куәлігін пайдалана отырып, ішкі әуе рейске тіркелуге рұқсат етіледі. 

Өзбекстандық Uza.uz ақпарат агенттігінің мәліметінше, Uzbekistan Airports құзырындағы әуежайлардың қызметі республиканың көлік саласына қатысты құжаттармен, оның ішінде өзгертулер және толықтырулармен реттелген.

Министрлер Кабинетінің 2017 жылғы 19 маусымдағы «Ішкі істер органдары жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру және рәсімдерді оңайлату жөніндегі шаралар туралы» 389 санды қаулысына сәйкес жаңа ұлттық жүргізуші куәлігі азаматтың жеке басын растайтын ресми мемлекеттік құжат мәртебесіне ие.

«Осы мәліметтерге сәйкес, әуежайда азаматтың жеке басын куәландыратын құжат ретінде танылатын және жолаушыларға оларды пайдалана отырып, ішкі рейстерге тіркелу құқығын беретін құжаттардың (жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлігі, әскери билет және т.б.) түпкілікті тізбесі пысықталуда», — делінген Uzbekistan Airports хабарында.

Фото: pixabay.com


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!