СҚО-да сепаратистерге қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық инстанциясы мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттағаны және сепаратистік әрекетке жария түрде шақырған өңірдің төрт тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.

Былтыр қараша айының соңында Петропавл қалалық соты сепаратизмді насихаттады деп айыпталған 19 адамның төртеуіне үкім шығарды. Вячеслав Зудерман 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған үшеуі – Елена Болдырева, Мәдина Қапарова және Ольга Бережнова 7 жылға сотталды.

Олар бұл үкіммен келіспей аппеляцияға берген еді.

СҚО сотының мәліметінше, апелляциялық инстанция Петропавл қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырып, сотталғандар мен олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Апелляциялық қаулымен сот үкімі заңды күшіне енді.

Естеріңізге салайық, 2023 жылдың 19 наурызы күні Петропавлдың 19 тұрғыны жергілікті колледждердің бірінің ғимаратына жиналып, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы еңбекшілерінің Халық кеңесін құрғанын жариялаған. Оны кейіннен Қазақстан Республикасынан тәуелсіз деп Декларация қабылдаған. Бұдан басқа әлеуметтік желіде белсенділік танытып, Қазақстанның тәуелсіздігін жоққа шығаруды мақсат еткен жазба жариялап келген.

Ұйымдастырушылардың бірі Зудерман үйінде 9 мм калибрлі тапанша патронын заңсыз сақтаған.

Фото: uralskweek.kz


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…