Cотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сот шешіміне қарсы шағым түсірді

Алаяқтық жасағаны үшін сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов апелляциялық шағым түсірді.

«Mudarabah Capital» қаржы пирамидасының атышулы ісі бойынша сотталғандар Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов аппеляциялық шағым түсіргені белгілі болды. 18 қаңтарда сот істі қарай бастаған.

«Апелляциялық процесс жүріп жатыр», — деп мәлімдеді Алматы сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2023 жылдың ақпан айында блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. 2022 жылдың 20 сәуірде олар 10 тәулікке қамауға алынып, кейін қамауға алу мерзімі тергеу жұмыстарына байланысты әр ай сайын ұзартылып келген.

Сол жылдың 12 желтоқсанында қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданған болатын. Шерниязов пен Төребаев сотта қаржы пирамидасын құрды және ұйымдастырды деген айыптаумен келіспейтіндерін және өз кінәсін мойындамағанын мәлімдеген болатын.

Фото: stan.kz

Өзгеріс