Павлодар облысында ішінде 4 адам отырған автобус кенішке құлап кетті

Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында топырақ опырылып, ішінде 4 жолаушы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті.

Қазір опырылған жердің тереңдігі – 150 метр, ұзындығы – 150-200 метр, ені – жарты шақырым деп шамаланып отыр. Апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Автобус жерастына 4 қаңтар түнгі сағат 01.25 шамасында құлаған. Ішінде құтқарушылар мен жүргізуші болған.

«Апат кезінде автобуста 4 адам – кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалының 3 құтқарушысы мен жүргізуші болды. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», – деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Жедел штаб құрылып, оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың басшылығы жүр.

Психологтер жұмыс істеуде.

Құтқару жұмысына 40-тан астам адам, 13 техника және дрон жұмылдырылған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...