Тұңғыш рет өткізілген «СҰҢҚАР 2023. Студенттік спорттың жұлдыздары» республикалық байқауының ең үздік, ең таңдаулы студент-спортшылары марапатталды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
Қазақстанның Ұлттық студенттер спорт Одағының Президенті Қайрат Закирьяновтың игі бастамасымен өткізілген бұл маңызды шара – студент-спортшылардың айтулы мерекесі.
«Сұңқар 2023» байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар мен студенттер спортына қатысты азаматтар мен спорт жанашырлары жиналды.
Атап айтсақ, есімдері аңызға айналған Юрий Мельниченко, Ермахан Ыбырайымов, Жасұлан Қыдырбаев, Амангелді Кәрмен бар. Арнайы Астанадан үздіктерді марапаттауға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі комитет төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы келіп, студент-спортшыларға толағай табыстар тіледі.
«Спорттағы үлкен жетістіктер – студенттер спортынан бастау алады. Студенттерді спорты жыл сайын мемлекетіміздің қолдауымен жақсы дамып келеді», — деді Қазақстанның Ұлттық студенттер спорт Одағының Президенті, профессор Қайрат Закирьянов.
«Сұңқар 2023» байқауының жеңімпаздары:
«Ұлттық құндылық» – Олжас Сүлейменов;
«Спорттағы дәуір» – Хван Май;
«Спорт аңызы» – Дәулет Тұрлыханов;
«Спорттық ғылымдағы жетістіктері үшін» – Виталий Авсиевич;
Үздік ректор – Берік Ахметов (Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті);
Үздік спорттық клуб – Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті;
Үздік баспасөз қызметі – Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметі;
Үздік спорт журналисі – Жандос Айтбай («Хабар» агенттігі), Телжан Күдеров (Qazsport);
Қысқы спорт түрлерінен үздік тәлімгер-жаттықтырушы – Александр Мухин;
Жазғы спорт түрлерінен үздік тәлімгер-жаттықтырушы – Анвар Усенов;
Үздік студент-спортшы – Вадим Куралес, Милад Карими, Нұрзат Сәлімбаев, Айдар Арапов, Дәулет Әмірхан, Санжар Мұхтар, Дәулет Ергеш, Әкежан Айтбеков, Асаухат Мұхамадиев, Сұлтан Әсетұлы, Исхар Курбаев, Сора Рахмонова.
Алғаш рет өткізілген «Сұңқар» студенттік спорты байқауы енді дәстүрлі түрде екі жылда бір ұйымдастырылмақ.
ПІКІР ЖАЗУ