Ақтөбе облысының прокуратурасы шетел азаматтарымен заңсыз коммерциялық кәсіпорындарды құру фактілерін анықтады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бизнес-иммигрант ретінде кіруге виза алмаған шетелдіктерге заңды тұлға құруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың қатысушыларының құрамына кіру жолымен коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуға тыйым салынады.
Алайда шетел азаматтарымен заңнама талаптарына қайшы, қандай да бір рұқсат құжаттарсыз коммерциялық кәсіпорындар құрылған. Мысалы, 2020 жылы Украина елінің азаматы тиісті рұқсатсыз (бизнес-иммигрант визасы) мемлекеттік органдарда жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрып, тіркелген. Серіктестікпен қызметін іске асыру кезеңінде мемлекеттік бюджетке қандай да бір салық төленбеген.
Айта кету керек, бұл кәсіпорындар жалған мәмілелер жасау және заңсыз алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін құрылып, салдарынан бюджетке айтарлықтай салық түспейді.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен талап беру жұмыстары жүргізіліп, сот органдарының шешімі бойынша заңсыз құрылған 18 коммерциялық кәсіпорын таратылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
ПІКІР ЖАЗУ