Қазақстандықтар Әбу-Дабиге 10 мың теңгеге ұша алады

Қазақстанда Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби бағыты бойынша жаңа әуе рейсі іске қосылды. Бұл туралы ozgeris.info порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері астаналарын байланыстыратын жаңа рейс 14 ақпанда ашылды.

Рейстерді аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма сайын Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы орындайды.

Жолаушыларды А-321 типті ұшақ тасымалдайды, деп мәлімдеді индустрия министрлігі азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясы сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Билет құны 20 еуродан (9 760 теңге) басталады.