«Тележүргізуші болғысы келген»: Салтанат Нүкенованың жақындары марқұмның орындалмаған армандары туралы айтты

Елордадағы мейрамханалардың бірінде жауыздықпен өлтірілген Салтанат Нүкенованың жақындары оқиға туралы толығырақ айта отырып, бірнеше естеліктерімен бөлісті. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Салтанат Нүкенова 9 қарашада өлтірілді. Күдікті – күйеуі Қуандық Бишімбаев. Қазір экс-министр уақытша ұстау изоляторында отыр.

Ағасы Салтанаттың қатігездікпен өлтірілгенін айтады.

“Басында бірнеше ойықтар бар. Қалай басын тесіп жібергенін білмейміз. Қолы, денесі, арқасы да ойылған. Қарындасымның сау жері жоқ”, – деді марқұмның ағасы Қайрат Нүкенов.

Туыстары, достары мен таныстары Салтанатты ақкөңіл, көңілді және табанды қыз ретінде еске алады. Ол астрологиямен айналысқан. Тәлімгерінің айтуынша, Нүкенованың болашаққа жоспары үлкен еді.

“Бәріне үлгергісі келетін. Оқу оқып, ізденісте жүретін және тележүргізуші бойынша кастингтерге барған. Оған қарап, қандай керемет жастар өсіп жатыр деп ойлайтын едім. Бойында мақсат, амбиция болды”, – деді марқұмның тәлімгері Аида Ғалеева.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…