Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы министрдің орынбасары атанды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы Ахмат министрдің дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты жөніндегі бірінші орынбасары болып тағайындалды.

8 қарашада Ахмат 18 жасқа толды. Бұл тағайындау туралы ресми хабарланған жоқ, бірақ Рамзан Қадыров өзінің телеграм-парақшасында марапттар туралы жазғанда ұлының жаңа лауазымын нақтылай кеткен.

Бұған дейін бұл лауазымды Хусейн Абдулкаримов атқарған. Дегенмен 8 қарашадан бастап оның қызметі спорт министрінің орынбасарына дейін төмендетілген.