Астанадағы LRT бағандары құрылысы бітпей тұрып қисайып жатыр. Елордалық «City Transportation Systems» компаниясы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
CTS компаниясының хабарлауынша, LRT тірегінің қисаюы бетон құю кезінде орын алған.
«Бүгін сағат 17:00-де Қалдаяқов көшесіндегі LRT құрылыс алаңының аумағында Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилова көшелерінің аралығында бетон құйып жатқан кезде, қалыптардың болттармен жалғанған жеріндегі жүктеме қалыпты басып өткен. Нәтижесінде темірбетон тіреуішінің құрылымы қисайған. Барлығы ертең күндіз қалпына келтіріледі», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, LRT құрылыс жұмыстары 2023 жылдың жаз айында басталған еді. Оның құрылысын 2026 жылы Қытай компаниясы аяқтайды.
ПІКІР ЖАЗУ