Ақтөбе облысында ер адам полицияға екі рет кісі өлтіргенін мойындап келген, ал бұл іс бойынша жарты жыл бұрын басқа адам күдікке ілініп, тұтқындалған. Бұл туралы Диапазон басылымы хабарлайды.
Кеңкияқта жаңа жыл қарсаңында екі тұрғын өз пәтерінде өлтірілген. Оларды такси жүргізушісі өлтірді деп күдікке ілініп, ұсталған болатын. Ер адам өз кінәсін мойындамады. Ол адамдарды жеткізіп жүргенде, үйге кездейсоқ тап болғанын және марқұмдарды бұған дейін ешқашан көрмегенін айтқан еді.
Полицейлер такси жүргізушісін ұстап, іс тек Ақтөбе сотына берілген. Іс басталар алдында полицияға Қопа ауылының тұрғыны келіп, өзінің кінәлі екенін айтты. Ол досымен бірге ер мен әйелді өлтірдім деген.
Мұны тергеу изоляторында жарты жыл бойы сотты күтіп отырған күдіктінің әпкесі айтты.
Сот істі неғұрлым егжей-тегжейлі және объективті тергеуге қайтарды, бірақ таксистке қатысты бұлтартпау шарасы әлі өзгертілмеген.
ПІКІР ЖАЗУ