Олимпиада ойындарының жүлдегері, мәжіліс депутат Дәулет Тұрлыханов журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында көзіне жас алды.
Дәулет Тұрлыханов журналист Дина Төлепбергеннің тележобасына қонақ болып, эфирде жылап қалды. Айтуынша, ол қатал әке болған.
“Жақсы көремін деп сирек айттым. Еркінсіп кетпесін деп өсірдім. Тәртіп болуы керек, жылулықты анасы береді деп ойладық”, – деді депутат.
Ол ұлдарына хабарласып, оларды жақсы көретінін айтқан кезде көңілі босап кетті.
Дәулет Тұрлыхановтың кіші ұлы Нұрасыл Болат көшеде төбелесіп, ерлі-зайыптыны соққыға жыққан еді. Осы әрекеті үшін жазаға тартылып, 1,7 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді
Тұрлыхановтың ортаншы ұлы көшеде қызды ұрды деп айыпталды.
ПІКІР ЖАЗУ