Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов брифинг барысында айтты.
Министр Қазақстан мен Қырғызстанның соңғы үкіметаралық кеңесінде Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігі мен су ресурстары қызметінің басшысымен Киров су қоймасынан Қазақстанға су түсуін қайта бастау туралы уағдаластық жасалғанын атап өтті.
«Біз тиісті басшылармен кездесіп, Киров су қоймасын ашудың қолданыстағы шарттарын өзектендіруге келістік. Қазіргі уақытта су қоймасынан 12 текше метр су айдалады, Жамбыл облысының су қоймаларында су жиналады», — деді министр брифингте.
ПІКІР ЖАЗУ