Атырауда қауіпті қалдықтарды заңсыз сақтаған «Жылыой Болашақ» компаниясына миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды

Атырауда қауіпті қалдықтарды заңсыз сақтаған компанияға миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлайды.

«Жылыой болашақ» серіктестігіне қатысты сот ісін облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы қозғады. 2022 жылдан бері кәсіпорын рұқсатсыз 477 тонна қауіпті қалдықтарды сақтаған. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

«Прокуратура Экология департаментіне заң бұзушылықты жою туралы өтініш берді. Олар компанияның үстінен талап-арыз түсірді. Іс Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Осы факті бойынша  «Жылыой болашақ» ЖШС-не 923 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды», — деді мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры Еркебұлан Ермеков.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора