Алматы облысы, Талғар ауданы, «Ақ Бұлақ» демалыс орнында 8 қазан күні «ӨзгерIS» атауымен республикалық жастарды менторлық оқыту бағдарламасы басталды.
Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» ұйымының ұйымдастыруымен «Ules» жобасы аясында ұйымдастырылуда.
Бес күнге созылатан менторлық оқыту бағдарламасында жастар тұлғалық даму, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, кәсіби бағдар беру (профориентация), медиа бағыттары бойынша білімдерін шыңдайды және ары қарай игерген білімдерімен өз өңірлеріндегі жастармен бөліседі.
«ӨзгерIS» менторлық оқыту бағдарламасына республиканың түкпір-түкпірінен 100 жас қатысуда.
Шарада мемлекет және қоғам қайраткерлері, инфлюенсерлер мен түрлі сала мамандары жастармен кездесіп дәріс оқиды. Сонымен қатар жастар спорттық, шығармашылық бағытта жарысатын болады. Шара соңында қатысушыларға оқыған бағыты бойынша арнайы сертификат табысталады.
«Алматы студенттер Альянс» КҚ директорының айтуынша – бағдарламаға қатысуға 200-дан астам өтінім келіп түскен. Толтырылған сауалнама мен мотивациялық хаттары негізінде 100 жас іріктеліп алынды. Қатысушылар арасында студент, жастар қызметкерлері, ұстаздар, кәсіпкерлер және түрлі сала мамандары бар.
ПІКІР ЖАЗУ