Желіде ХАМАС содырларының қыздың денесін жалаңаштап, оны мазақ қылып, аяқ астына қойып қойған видеосы тарады. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Dailymail.co сілтеме жасап хабарлайды.
Азапталған қыз 30 жастағы Шани Лук екені анықталды. Ол Германияның бейбітшілік музыкалық фестиваліне келген. Оны Израильге шабуыл жасаған террористер ұстап алып, қол-аяғын сындырған.
Оның денесін жол талғамайтын көліктің артына салып, содырлар қоршап, қол шапалақтап, түкірді.
Шанидің анасы Рикард қызына не болғанын анықтауға көмек сұрады. Айтуынша, Хамас өкілдері германиялық азаматты он туристпен бірге алып кеткен.
ПІКІР ЖАЗУ