Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова бүгінде көпшілікті сұрауы бойынша қыз ұзатып, тұсау кеседі. “Ұйқым келмейді” бағдарламасында ақын тұсау кескенге ақша алмайтынын айтып қалды.
“Тұсаукесерге ақша алмаймын. Кішкентай сәбилерін алып келеді. Алдыңнан жібін алып шығып тұрғанда мен қалай “ақшаға” ден кеудесінен итеремін. Көбіне жекеме жазады. Мен уақытын, қайда келу керегін айтамын. Сол жерде кесіп беремін. Егер басқа қалаға шақырып, үлкен той жасап жатса, көлгірсіп өтірік айтпай-ақ қояйын. Біраө маған ондай ұсыныс түскен жоқ. Оның үстіне басқа қала болған соң біз селтеңдеп жүрген жас қыз емеспіз ғой, бала-шаға бар”, – дейді Сара Тоқтамысова.
Сондай-ақ ақын қазір қыздарды да жиі ұзатып жүргенін жасырмады.
“Негізі мен әншілікті кәсіп қылсам бәрі басқаша болатын еді. Бастапқыда мен “Алақаннан ұшқан аққуым” әнімен туған сіңілімді ұзаттым. Араға тура екі ай салып бір кісілерден ұсыныс келді. “Сенің жолыңды берсін деп ырымдап отырмын. Жалғыз қызым. Ұзатып бере қойшы” деді. Содан “Ақеркем” деп сөзін жазып, Асқар Жайлаубаев деген бауырым жедел түрде ән шығарып берді. Сөйтіп бір рет қыз ұзатып едім, әншілерге бәсекелес болып шыға келдім”, – дейді айтыскер күліп.
ПІКІР ЖАЗУ