Президент Қасым-Жомарт 5 қазанда өткен Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде оқушылар арасында зорлық-зомбылық пен әлімжеттіктің кең таралғанын айтты.
Ел басшысының айтуынша, буллингтің кесірінен мектепте өзіне қол жұмсауға жеткізетін жағдайлар көбейді.
“Буллинг балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына және олардың жан дүниесіне орны толмас зиянын тигізеді. Сондай-ақ оқу үдерісіне кері әсер етеді. Балалардың әлеуметтік ортадан шеттеп қалуына, ой-санасының бұзылуына әкеп соқтырады. Мемлекет баланың құқығы мен қауіпсіздігінің қорғалуын қамтамасыз етуі керек. Оған біржола тосқауыл қоюы қажет», – деді президент.
Ол әлімжеттікпен күресу үшін ата-аналар баланың тәрбиесіне мән беруі керек екенін түсіндірді
«Барша ата-анаға айтарым: балаларыңыздың зорлық-зомбылық жасауына, қоғамдық тәртіпті бұзуына ерік бермеңіздер. Әсіресе оларды мұғалімдердің алдында қорғамаңыздар. Баланың бетінен қақпаймын деп, оның теріс қылықтарына көз жұма қараудың соңы келешекте қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін. Алдағы уақытта заңға қайшы әрекеттерге бармас үшін мектеп тәртібін бұзушыларға алдын алу шараларын қазір қолданған жөн», – деді Тоқаев.
ПІКІР ЖАЗУ