«Жұмыс істегісі келсе, елдегі заңға бағынуы керек»: Министр «Арселор Миттал Теміртаудың» инвесторын ауыстыруға қатысты пікір білдірді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының инвесторы елде қалады ма деген сұраққа жауап берді.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі министрге «АрселорМиттал Теміртаудың» орнына басқа инвестор әкелу қаншалықты мүмкін?- деп сауал жолдады. Қанат Шарлапаев егерде инвестор елімізде жұмыс істегісі келсе, елдегі заңдарға бағынуы керегін айтты.

«Инвесторды ауыстыру – бұл бір инвестордың өз орнына басқа инвесторды әкелу еркі. Біреу кетіп, өз үлесін басқа бір тұлғаға беру керек, — деп жауап берді ведмоство басшысы.

Министр компаниядағы соңғы болған қайғылы жағдайға байланысты қозғалған іс тергеу сатысында екенінін айтты.

“Адамдар қазасына байланысты қылмыстық істер қозғалды, құзырлы органдар тергеп, тексеріп жатыр. Бұрын болған дүние туралы пікір білдіре алмаймын. Жақында адам қазасы тіркелген тосын оқиға бойынша қозғалған іс қазір тергеу сатысында тұр. Тергеу барысына пікір білдірмеймін”, — деді Қанат Шарлапаев.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...