25 қыркүйекте әзірбайжан-түрік құжаттарына қол қою рәсімінен кейін Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған баспасөзге мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы«Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап
Режеп Тайып Ердоған өз сөзін төмендегідей бастады:
«Бұл жолы мен сіздермен бірге Түркияны тұтас түркі әлемімен байланыстыратын Нахчеванда болғаныма өте қуаныштымын. 2008 жылғы сапарымнан бері мен Нахчывенның қол жеткізген дамуын мақтанышпен бақылап келемін. Бүгін, Әзірбайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің жүз жылдық мерейтойы. Қайраткер Нахчеванның қазіргі даму деңгейіне жету үшін талай тер төкті. Мен тұлғамызды құрметтеймін».
Әрі қарай Ердоған түрік-әзірбайжан қатынастарының әлемде теңдесі жоқ ерекше деңгейде екендігін айтты. «Бір ұлт, екі мемлекет»ұранына сәйкес, ынтымақтастықты нығайту қызметтінің жалғасатынын айтты.
«Мен ағам Ильхаммен қол қойған Шушин декларациясы — біздің қарым-қатынасымызды одақтас деңгейге көтеретін бетбұрыс», — деді Ердоған,
Сонымен қатар, Нахчеванның стратегиялық маңыздылығына тоқталып, Әзірбайжанмен қарым-қатынаста ерекше орын алатынын атап өтті. «Бүгінде Нахчеванның экономика, көлік және энергетика тұрғысынан үлкен әлеуеті бар. Өңірлік Көлік желілерінің құрылуымен біз осы әлеуетті толық іске асыруға мүмкіндік алдық», — деп қосты ол.
Президент Ердоған Игдыр-Нахчеван газ құбырының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Игдыр-Нахчыван газ құбырының ашылуы Түркияның Әзірбайжанмен энергетика саласындағы серіктестігін тереңдетеді, сондай-ақ Еуропаны энергиямен жабдықтау қауіпсіздігіне үлес қосады.
Түркия мемлекетінің басшысы Әзербайжан Қарулы Күштерінің терроризмге қарсы жергілікті операциясын жоғары бағалады:
«Әзірбайжанның Қарабақтағы терроризмге қарсы операциясы — мақтаныш. Ол бейбіт тұрғындардың құқықтарын барынша ескере отырып, қысқа мерзімде сәтті өткізілді. Жеңіске жеткен Әзірбайжан армиясын өзінің тарихи жетістігімен, бейбіт тұрғындарға ізгілікті қарым-қатынас көрсетуімен шын жүректен құттықтаймын, осы жеңістің арқасында аймақта жан-жақты қалыпқа келудің жаңа мүмкіндіктері ашылды».
«Армения әлемнің көмегін, қолдауын қабыл алып, бұдан былай шынайы қадамдар жасайды деп күтеміз», — деді Ердоған.
ПІКІР ЖАЗУ