Алматыда тамақ жеткізушінің қатысуымен жанжал орын алды.
Оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрлардан екі ер адамның жанжалдасып жатқанын көруге болады. Бірақ бірі пышақ ұстаса, екіншісі бау-бақша құралымен қаруланған. Даудың себебі белгісіз. Полиция департменті аталған жағдайдан кейін 1992 жылы туған П. есімді азаматтың ұсталғанын мәлімдеді. Бұл дерек Бостандық аудандық полиция басқармасында тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бабымен тергеліп жатыр.
«Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалына қосылды. Қазір оқиғаның өзге де мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүріп жатыр», – делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында.
Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес курьер иттен қорққан соң пышақ алып шығып, адамдарға сес көрсеткен.
ПІКІР ЖАЗУ