«Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында жастар арасында топтық төбелес болды.
Желіде «Терминал А» ЖШС жеке меншігіндегі багажды қабылдау пунктінде түсірілген видео жарияланды. Мұнда түсірілген видео әлеуметтік шиеленіс туралы хабарлайды. Оқиғаның мән-жайына қатысты «Терминал А» ЖШС өз жауабын берді.
«Туристер арасындағы әлеуметтік қақтығыс демалыс күндері туристер ағынының көп болуына байланысты багажды ұзақ күту салдарынан болды. Қазіргі уақытта багаж терминалындағы жағдай қалыпқа келтірілді», – деді «Терминал А» ЖШС.
«Қорғас» ШЫХО аумағында багажды қабылдау/беру және тасымалдауды «Терминал А» ЖШС жүзеге асырады.
ПІКІР ЖАЗУ