Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Владивостокқа қарай жолға шықты. Кездесу сейсенбі күні өтеді деп күтілуде. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы оңтүстіккореялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл Солтүстік Корея басшысының төрт жылдан бері Ресейге жасаған алғашқы халықаралық сапары.
Екі көшбасшы Солтүстік Кореяның Украинадағы соғысты қолдау үшін Мәскеуге қару-жарақ беру мүмкіндігін талқылайды.
Ким Чен Ын соңғы рет 2019 жылы Владивостокта АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональ Трамппен ядролық қарусыздандыру жөніндегі келіссөз жүргізу үшін барған болатын. Алайда келіссөз сәтсіз аяқталған еді.
ПІКІР ЖАЗУ