Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.
Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын — мұғалімдердікі (Мағжан Жұмабаев)
Тәуелсіз еліміздің жаһандық әлемде даралануы — білімді, ұлтжанды, рухы бай, жігерлі әрі көшбасшы жас ұрпақ арқылы көрініс табады. Жоғары мамандандырылған білім алып, ғылым мен техниканы жетік меңгеріп, нарықтық экономиканы басқара алатын, алған теориялық білімін өмірде қолдана білетін деңгейге жеткенде ғана мемлекетіміз бәсекеге қабілетті елдердің санатында аяқтан нық тұрады. Сол себепті де білім саласында жаңашылдық, прогресс көрініс табуы шарт. Бүгінгі таңдағы ғылым мен білім саласындағы өзгерістер мен тың серпілістер мұғалімдер қауымына жауапкершілік пен үлкен жүк артуда. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындандырып, тәрбие мен адамгершілік қағидаларын бойына сіңіруге бар күш-жігерін салып жүрген ұстаздар қауымының еңбегі ұшан-теңіз деп бағалаймын.
Күн сайын қарыштап дамып келе жатқан инновация мен жаңа технологияларды игерту, ғылым саласында түрлі жетістіктерге жету мақатында білім беруші ұстаздардың біліктіліктері мен құзыреттілігін, ІТ сауаттылығын арттыру, саннан сапаға көшу үрдісіне икемдеп, жаңартылған бағдарлама негізінде оқу мазмұнын меңгеруге, шығармашылықпен айналысып, өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндіктер мен қолдаулар көбеюде. Оған түрлі тақырыптардағы біліктілікті арттыру курстары мен семинар-тренингтер, вебинарлар, конференция, дөңгелек үстелдер, эксперименттік алаң мен түрлі деңгейдегі байқаулар жаңа формада ұсынылып, кезекті күн тәртібінен түспей келуі дәлел бола алады. Жаңа оқу жылын мектебіміздің ұстаздары әдістемелік көмек алудан бастады, Аталған көмек 25 тамыз күні Талдықорған қаласында қарапайым қазақ балаларының қара шаңырағына айналған Дәнеш Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының директоры Әли Солтанбекұлының бастамасымен ұйымдастырылды. «Жаңартылған білім беру аясында сабақты тиімді жоспарлау, бағалаудың компоненттері» тақырыбында «Өрлеу» БАҰО Республикалық кәсіби дамыту институтының аға оқытушысы, п.ғ.м. Арзымбетова Салтанат Жаксылыковна тернинг өткізді. Тренингтің мақсаты –жаңартылған бағдарлама негізінде сабақты дұрыс жоспарлай отырып, тиімді әдістермен өткізу арқылы оқушының қызығушылығын арттыру, сондай-ақ мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Алдымен Білім мазмұнын дамыту институтының директоры Айткаримов Бауыржан институттың жұмыс жоспарын, педагогтартәжірибе алу үшін маңызын түсіндіріп, ұстаздар қауымына жаңа оқу жылы толағай табыстар мен жетістіктерге толы болсын деген ізгі ниетін білдірді. Тренинг басында Салтанат Жаксылыковна жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктеріне тоқталды. «Балаллар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі тиіс?» деген сауал талқыланып, ұстаздарымыз өзара пікір алмасты. Оқушы білімінің күнделікті көрсеткішіне айналған бағалаудың түрлеріне тоқталып, бағалаудың әділ әрі дұрыс болуының маңызын түсіндірді. Мұғалімдердің иаңызды құжатының қатарындағы қысқа мерзімді жоспаруды кезең-кезеңімен қалай жүзеге асыру керектігі туралы толықтай мәлімет берілді. Тренеріміз тренинг барысында алған теориялық білімдермізді тәжірибе жүзінде іске асыру мақсатында мұғалімдерді топқа бөліп, тапсырмалар берді. Нәтижесінде қателіктермен жұмыс бірден жасалып, түзетіліп, тиісті кеңес берілді. Мұғалімдер оқу процесінде қиындық туғызған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, өзара пікіралмасу жүзеге асты. Өткізілген тренинг білікті маманнан білім алып, тәжірибе алмасқан мектебіміздің ұстаздары үшін оң нәтиже беретіне сенімдімін.
Пайдалы ілім беріп, жаңа ақпараттармен, білім саласындағы өзгерістермен таныстырып, бар ынта-жігерін, біліктілігін көрсеткен тренеріміз Салтанат Жаксылыковна мен БМДИ директоры Бауыржан Айткаримовқа мектеп ұстаздарының атынан үлкен алғыс айтамын. Қорыта айтқанда, кез-келген тұлға әрдайым өзін-өзі жетілдіріп, дамытуы, білім алуы керек. Ал ұстаздар қауымы ешқашан ізденуін, еңбектенуін, біліктілігін көтеруін, жаңашылдыққа ұмтылуын тоқтатпауы қажет әрі міндет. Бұған К.Д.Ушинскийдің: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзі дәлел. Сондықтан да мұнымен шектеліп қалмай алдағы уақыттарда тренингтен алған білімімізді жетілдіріп, сабақты белсенді, тиімді жоспарлап, оқушыларымыздың білімді, тәрбиелі тұлға болып қалыптасу мақсатында жұмыс жасауға ұжым болып әрекет етеміз деген сенімдемін. Биылғы 2023-2024-оқу жылында әріптестеріме шығармашылық табыс тілей отырып, жаңашыл педагог, білікті ұстаз, өз ісінің маманы болуға шақырамын!
Дәнеш Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Мамырбекова Саулет Амирхановна
ПІКІР ЖАЗУ