Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын тәмамдаған.
Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер.
Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы ретінде бастаған.
2001-2006 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасы.
2008-2017 жылдары — Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.
2017-2019 жылдары — Маңғыстау облысының әкімі.
2019-2020 жылдары — ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
2020 жылы 11 ақпанда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.
2022 жылғы 31 тамызда ҚР Президентінің Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.
ПІКІР ЖАЗУ