«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан үшін электр қуатының тапшылығын шешудің ең тиімді жолы АЭС құрылысы деп есептейді, деп хабарлайды “Өзгеріс.инфо” порталы Орда.кз сайтына сілтеме жасап.
«Электр энергиясын тұтыну мен өндірудің болжамды энергетикалық балансына сәйкес, жақын арада еліміздің оңтүстігінде ірі энергия көзін салуға көшу қажет. Күн тәртібіне сүйене отырып, біздің көзқарасымыз бойынша, бң тиімді шешім атом электр станциясын салу болар еді» деді Алмасадам Сәтқалиев.
Еске салсақ, ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов өткен аптада Қазақстанда атом электр стансасын салу жоспарына қатысты пікір білдірді.
«Атом электр стансаларын салу өте нәзік мәселе, сондықтан саламыз ба, салмаймыз ба, әзірге шешім жоқ. 2035 жылға дейінгі болжамдық баланста (…) түрлі мәселелер қарастырылған» деді Ақшолақов.
Ол күн тәртібінде тұрған жасыл саясаттың арқасында Қазақстан экологиялық лас отын болып табылатын көмірді пайдалануды азайтуға мәжбүр болатынын атап өтті. Газ тазарақ, бірақ оның қоры шектеулі.
ПІКІР ЖАЗУ