Маусым айында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Азаматтық борыш” жобасы аясында гүл қою рәсімі өтті. Мәңгілік алау, Ауған соғысы, Панфилов, Бауыржан Момышұлы ескерткіштеріне гүл қойылды. Жобаның аты айтып тұрғандай гүл қою рәсіміне көптеген ардагерлер, қазіргі әскер қызметінде жұмыс істейтін әскери адамдар, қарапайым халық қатысты.
Гүл қою рәсімін Мәңгілік алаудан бастадық. Бізбен қоса өздерімен бірге гүл алып келген ардагерлер де болды. Одан кейін Ауғаныстандағы интернационалдық борышын өтеу кезіндегі қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткішіне гүл қойылды. Кеңес одағының Ұлы Отан соғыс батырларына Панфилов және Бауыржан Момышұлы ескерткіштеріне де гүл қоюды ұмытқан жоқпыз. Жоба жетекшісі Әбдібеков Мұхамбетжан Тоқтағұлы сөз сөйлеп Бауыржан Момышұлы атамыздың ерлігін паш етіп, жастардың рухын көтеріп, намысын оятқан батырлық рәмізі болған өсиеттік сөздерін мысалға келтірді.
Гүл қою рәсімінен кейін офицерлер үйінің алдында еске алу және аза тұту күніне арналған концертті бағдарлама өтті. Концерттің басты мақсаты: Кеңес – Герман соғысына қатысқан қазақ елінің асыл азаматтарының асқан ерліктерін мәңгілік ұмытпас үшін, олардың жанқиярлықпен, Отан үшін сұрапыл соғыста ерліктің үлгісін көрсеткендіктерін мақтаныш ете отырып, азаматтарды адалдыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, ерлерге құрмет көрсетуге, үлгі алуға, үлгілі болуға шақыру еді. Ардагерлер мен жастарға арналған арнайы концерттік бағдарламада рухымызды көтеретін, соғыс кезінде шырқалған, соғысқа арналған әндер айтылды. Мысалы: “Көк орамал”, “Катюша”, “Журавли”, “Қазақстан” сынды көптеген танымал әндер орындалды. Ол әндерді Дәурен Байбөрі, Гульмира Асылхан, Айдос Ержұма орындап шықты. 1 сағат көлемінде өткен концерт өте жоғары деңгейде өтті. Көптеген адамдар қызығып, шет елден келген азаматтар да қарап, тамашалады.
ПІКІР ЖАЗУ