Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайынан қашқан екі қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ақпаратты адвокат Мейірман Шекеев жеткізді, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытталмай, айыппұл төлеп, елге қайтатын болды.
Заңгердің айтуынша, сот қазақстандықтарға 3 миллион вон айыппұл салған, бұл 1 миллион теңгеден сәл асады. Әлеуметтік желіде Мейірман Шекеев айыппұл 7 күн ішінде төленуі керек екенін, содан кейін олар қамаудан босатылып, Отанына орала алатынын атап өтті.
Қайтар рейсті күткен олар ұшу-қону жолағына жақын орналасқан 3,5 метрлік қоршаудан секіріп өтіп, қашып кеткен.
Екі қазақстандық та өз кінәсін мойындап, отбасыларын асырау мақсатында жұмыс істеу үшін ұшып келгендерін айтты. Олар шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кетті деп айыпталады. Ұсталғандар — Түркістан облысының тумалары.
ПІКІР ЖАЗУ