«90 жылдығында бұйырар!»: Журналист Нұрғали Нүсіпжановқа Еңбек ері атағы әлі күнге берілмегенін айтты

Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, аңыз әнші Нұрғали Нүсіпжанов 88 жасқа толды. Танымал тұлғалар қазақ эстрадасының жұлдызын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін жолдауда, деп жазады sadaq.kz.

Белгілі журналист Марат Байділдәұлы Facebook парақшасында Нұрғали Нүсіпжанов туралы жазба жариялаған. БАҚ өкілі әртісті 88 жасымен құттықтап, оған жылы лебізін білдірген.

«Бүгін Нұрғали ағамыздың туған күні. Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғали Нүсіпжанов ағамыздың туған күні! 88 жасқа толып жатыр», — деп бастады Байділдәұлы.

Оған қоса журналист Нұрғали Нүсіпжановқа Еңбек ері атағы берілмей жатқанына өкінішін білдірді. Ол аталмыш мараптты беру үшін арнайы хат жазып, аты көпке мәлім бес қайреткерге қол қойғызғанын алға тартты. Алайда бұл ұсыныс қанағаттандырылмаған.

«Осыдан екі жыл бұрын Нұрағаңа Қазақстанның Еңбек Ері атағын беру туралы мемлекет басшысының атына хат жазып, осы атақты алған Асекеңнен — Асанәлі Әшімовтен бастап Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Роза Рымбаева, Аягүл Миразова сияқты бес қайраткерге қол қойғызып жіберіп едік. Өкінішке қарай ұсыныс өтпеді. Алла тағалам Нұрғали ағама ұзақ өмір берсін! Құдай қаласа енді екі жылдан кейін 90 жылдығында бұйырар! Соған бәріміз аман-есен жетейік», — деп жазды Байділдәұлы.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!