Желіде 1990 жылдары Германияға көшіп кеткен қарағандылық ұлты неміс әжейдің қазақша бата беріп отырған видеосы тарады. Желі қолданушылары қазақшаға тілі жатық қарияның бата беруіне таңғалған, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Желіде «неміс апаның» дастархан басында қазақша бата беріп отырған видеосы қызу талқыланды. Видео сипаттамасында белгісіз әйелдің 90 жылдары Қарағанды облысынан Германияға қоныс аударған неміс ұлтының өкілі екені айтылады. Жеті шелпек пен бауырсаққа толы қазақ дастарханында отырған көпшілік неміс әжейдің батасын ұйып тыңдап, қол жаяды.
«Пайғамбардың бағын берсін,
Сүлейменнің тағын берсін!
Бақ бағып жүрсін,
Қыдыр дарып жүрсін!
Құдайым әр пәледен қағып жүрсін!
Өліге иман, тіріге береке берсін!
Екі дүниенің абыройын берсін!
Қай-қайсының отбасына Алланың берер жақсылығы таусылмасын! Бақытты болыңдар, қарақтарым! Аллаһу акбар!», — дейді неміс әжей.
Желі қолданушылары қазақшаға тілі жатық қарияның бата беруіне таңғалған.
«Мына видеода 1990 жылдары Қарағанды облысы, Шет ауданынан Германияға көшкен неміс апамыздың бата беруіне таң қалып отырмын. Тілді қалай меңгерген десейші. Мұндай бата бере алатын ақсақалдар өзімізде де аз қалды. Заман солай ма, адам солай ма белгісіз», — дейді видеоны парақшасында бөліскен блогер Бауыржан Серікбаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ