Бұрын-соңды болмаған көктемгі су тасқынынан кейін аптап ыстық келді және Қазақстандағы фермерлер шегірткелердің шабуылына шағымданып отыр, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл шегірткелер 2023 жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп болады деп болжап, онымен күресу үшін қаржыландыруды ұлғайтуды сұрады. Бұған жауап ретінде 8,1 млрд. теңге бөлінді, ал Үкімет маусым айында жағдайды толық бақылауда деп сендірді. Бірақ шаруалардың әңгімесі басқа болып тұр.
Respublika партиясы фракциясының жетекшісі және Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров билікке Ауыл шаруашылығы министрлігі өңдеуге кеш кіріседі, оның ауқымы өткен жылмен салыстырғанда 50 есе көп деп мәлімдеді. «Властьтың» хабарлауынша, мәселенің маңызы басқада. Сатып алынған препараттарда сыр бар және оның тиімділігі де байқала қоймайды.
«Өткен жылдары орын алған сыбайлас жемқорлық – қазір ауыл шаруашылығы өндірушілерін шырылдатып отыр. Қазір оны тоқтату үшін қандай да бір ғажайып қажет. 2000-шы жылдардағыдай Астанаға шегіртке секеңдеп келмеуіне де кепіл жоқ, — деп есептейді депутат.
ПІКІР ЖАЗУ