«70 астам бұта». Ақтөбе облысында сора плантациясы табылды

Фото: видеодан кадр

«Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Мұғалжар ауданының Жем өзенінің жағалауында заңсыз өсірілетін сора плантациясын анықтады. Оқиға орнында ауданның үш тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Плантация жету қиын жерде, бұталардың ортасында ұйымдастырылды. Лагерь тұру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Суаруға арналған суды өзеннен сорғының көмегімен суарылды.

Тексеру кезінде биіктігі 1,5 метрден асатын 70-тен астам сора бұтасы тәркіленді, оларды барлық жаз бойы күдіктілер өсірген.

Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

АҚПАРАТ ZTZ_04_AKTOBE INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНҒАН

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @ztz_04_aktobe (@ztz_04_aktobe)