Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды.
Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасының құлаған.
Төтенше жағдай аймағында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Серіктес» ЖШС құтқару бөлімшелері мамандары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Апат орнына Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары дерек жіберілді, — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде.
ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды.
Телефон нөмірі: 8 (7271) 55-96-21. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру