TikTok желісінде 42 жастағы қалыңдықтың видеосы тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.
«42 жасында теңін тапты. Күйеу жігіт 60-та, енесі 92 жаста. Бақытты болыңыздар», — деп жазды видео авторы.
Желі қолданушылары екі жасқа ақ тілегін жаудыра жазды.
«Бақытты болсын», «Алпысбай мен Жетпісбай дүниеге келсін», «47 жастамын мені де жалғыздық жеп барады», «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан», «Татарға шығып жатқан сияқты, менің абысыным болды ғой»- деді көпшілік.
Алайда 60 жастағы үлкен кісімен отбасы құру дұрыс емес екенін жазып жатқандар да бар.
ПІКІР ЖАЗУ