Аягөз қаласында тұратын жасөспірім қыз 11 жасынан бастап ағасынан зорлық көріп келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Оның видеосы Аягөздегі zello_ayagoz парақшасында жарияланды.
«Қайырлы күн! Өз басымнан өткенде оқиғаны бөліскім келіп отыр. 10 жылдан астам тұрмыстық зорлық- зомбылық көріп келемін. Менің туысқан ағам Ж. Е. мен алты жаста болғанда өзінің жыныстық мүшесін көрсететін. Менің қалауымсыз түрлі порнографиялық фильмдер көрсететін. Өзінің арам ісін мен 11-12 жаста болғанда алғаш рет істеп, 16 жасыма дейін жүзеге асырып келді. Мен құзырлы органдарға арыз жаздым. Біздің Қазақстанда зорлық-зомбылыққа неге қарсы заң болса да, әлі күнге дейін күшіне енбеген? Бір жылдың ішінде тергеуімді дәлел шығып тұрса да, үш рет жауып тастап тұр. Еркебек мен тұрған ауылда дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып істеген», — дейді ол.
Жасөспірім қыз Еркебек сол ауылдың, мектептің қыздарын жыныстық қатынасқа итермелеген деп айыптады.
«Ол қыздар бас тартқан, кейбіреуі «ұят» деп үндемей отыр. Мен бүкіл қыз-келіншетердің атынан сөйлеп отырмын. Өз құқығымыды қорғауға тергеуден пайда болмаған соң өз құқығымды қорғау үшін Алматыда «Астарлық ақиқат» бағдарламасына эфирге қатыстым. Ертең эфир болады. Бұл жайт кез келген қыздың басынан өтуі мүмкін, сол қыздарға сабақ болсын деп айтып отырмын. «Мені зорлады, бұл ұят» деп тұншығып отыруға болмайды. Зорланғанымызға біз емес, керісінше бізді зорлағандар ұялсын. Педофилдерге көмектесіп, қара көз қыздарды қарабет қылып отырған жоғары жақтағы адамдар ұялсын», — дейді жасөспірім.
Ал, Абай облысы бойынша бала құқығы жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова Аягөзде зардап шеккен Еркеназ есімді осы қызға психологтар көмектесіп жатқанын мәлім еткен.
ПІКІР ЖАЗУ