2025 жылдың сәуір айының алғашқы он сегіз күнінде теңге бірден бірнеше шетел валютасына қатысты құнсызданды. Бұл көрсеткіштер ҚР Ұлттық банкінің ресми бағамына сүйене отырып есептелген, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Атап айтқанда, еуроға қатысты теңге 9,4%-ға әлсіреп, 1 сәуірдегі 544 теңгеден 18 сәуірде 595,3 теңгеге дейін төмендеді. Осылайша, небәрі жарты ай ішінде еуро бағамы бірден 51 теңгеге қымбаттады.
Долларға шаққанда теңге 3,5%-ға арзандап, 503 теңгеден 521 теңгеге жетті. Бұл да теңгенің айтарлықтай құнсыздануын көрсетеді.
Ал Ресей рубліне қатысты теңге 7,4%-ға әлсіреп, 5,94-тен 6,38 теңгеге дейін өсті.
Ұлттық валютадағы бұл өзгерістер нарықтағы белгісіздік деңгейінің артқанын және халықтың қаржы құралдарына деген сеніміне әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру