Қазақстандық волейболшы, қазіргі таңда индонезиялық «Yogya Falcons» командасының ойыншысы Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты baq.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы ана болудың шексіз бақыт екендігін, болашақта тағы да сәбилі болғысы келетінін айтып, ағынан жарылды.
«Балалар – шексіз бақыт. Қуана-қуана тағы да 5 бала туғым келеді. Олардың әпкесі секілді көрінуге тырысамын», — деп жазды волейболшы.
Айта кетерлігі, Сәбина Алтынбекова былтыр қазан айында индонезиялық «Yogya Falcons» клубымен келісімшартқа отырды. Желтоқсан айында команданың капитаны атанды.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру