Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлан-Батор бозкілемінде ол 72 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. «Дөңгелек айналым» жүйесі бойынша өткен бәсекеде отандасымыз қарсыластарының бәрін жеңді. Атап айтқанда, ол Даваанасан Енхамар (Моңғолия), Светлана Окназарова (Өзбекстан), Никки Никки (Үндістан) мен Сумире Ниикура (Жапония) сынды мықты балуандардың жауырынын жерге тигізді.

Нәтижесінде әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтынды салды. Жарыстың алғашқы күнінде оның сыңары Мадина Бақбергенова 68 келі салмақта топ жарған болатын.

Айта кетерлігі, күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатыр. Әйелдер күресінен кездесулер дөңгелек айналым жүйесі бойынша өтуде. Спортшылар өздерінің салмақ дәрежесінде барлық балуандармен әр айналымда белдесіп, жеңімпазды анықтайды. Жәмила аталған жүйе бойынша барлық қарсыласын бірдей жеңіп, уақытынан бұрын алтынға қол жеткізді. Бұл Жәмила Бақбергенованың Азия чемпионатындағы екінші алтыны. Ол бұған дейін 2020 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында үздік атанған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…