4 және 9 сынып оқушыларының білім жетістігі сыналады – Шолпан Қаринова

Бүгін еліміздің 1447 мектебінде, бұл барлық мектептердің 25%-ы, оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталады. Бұл туралы Білім және ғылыми министрінің бірінші орынбасары Шолпан Қаринова мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Оған 4 және 9-сынып оқушыларының арасынан 112 мыңнан астамы қатысады. Мониторинг сәуірдің 29-на дейін жалғасады.

«Қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталды. Бұл білім сапасын ішкі қазақстандық зерттеу. Мониторинг жүргізу заңға былтырғы жылы енгізіліп, биыл мектептерде алғаш рет өткізіледі. Ол мектеп базасында өтеді, оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады. Оқушыларды арнайы дайындаудың қажеті жоқ»,– деді ол.

Айта кетейік, ББЖМ – білім сапасын сырттай тәуелсіз бақылау. Ол оқушылардың мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюды көздейді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!