3,7 млрд теңге шығын: құрылыс компаниясының бухгалтері Ресейден Алматыға экстрадицияланды

фото: РИА «Новости»

Бас прокуратурада хабарлағандай, күдікті 2005-2007 жылдары Алматыдағы құрылыс компаниясында бухгалтер болып жұмыс істеген.

Тергеушілердің пікірінше, ол үлестік құрылысқа қатысушылардан ақша қабылдап, оларға салынып бітпеген тұрғын үй кешені бойынша кассалық кіріс ордерлеріне жалған түбіртек жазып берген.

Алматының 80-нен астам тұрғыны зардап шекті, ал шығын сомасы 3,7 млрд теңгені құрады.

Оның сыбайласы сотталды, ал ол қашып кетті. Әйел 2023 жылдың желтоқсанында Ресейдің Краснодар өлкесінде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.