Шортанды ауданының Октябрьское ауылында тұратын 33 жастағы Аида Караян үшем дүниеге әкелді, деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа босанған әйел мен балалары бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала орталығынан үйіне шықты.
«Жаңа туған нәрестелердің есімін ата-анасы Амина, Мәдина және Рамина деп қойды. Николай мен Аиданың бұдан басқа үш жасар Дмитрий есімді ұлы бар», — дейді Шортанды ауданы әкімдігінен.
Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жүктілігі қалыпты болған, балалар жүктіліктің 32-ші аптасында 2195,1951 және 1798 грамм салмақпен дүниеге келген.
«Бұл — Шортанды ауданында үшем дүниеге келіп отырған екінші жағдай. 2021 жылдың тамызында Степное ауылының тұрғыны да үшем туған болатын», — деп толықтырды аудан әкімдігінен.
Ozgeris.info порталы
ПІКІР ЖАЗУ