Журналист Олжас Әбіл адамзат жасаған бірталай қателіктерден соң 2025 жылғы біздің қазіргі әлемді қаратүнек жайлап келеді деген пікір білдірді. Сонымен қатар ол қаратүнектің салдары енді ауыр болуы мүмкін деген болжам жасады.
«2016 жылы мен АҚШ тағы сайлау қарсаңында «Хиллари жарайсың, қазақтар сені жақтайды, Трамп кет, бұл қасқа былықтырады, аулақ, бұл лақтырып кетеді» деп пост жазғанмын. Менің Трамп дегенге көзқарасым әлі сол баяғыдай. Бұндай торгаш мемлекет басқармау керек еді. Амал не, қазір американың да, еуропаның да демократиясы өз түбіне жетуде», — деп жазды ол.
Егер осы текетіресте Батыс өркениеті жеңіліп диктаторлар әлемі жеңіске жететін болса — ол дегеніміз Батыс әлемінің түбіне өз демократиясы жетті деп қабылдауға болады.
Еуропада Фицо, Орбан, Ле Пен деген путиншілдер бірінен соң бірі өз демократиясының арқасында билікке келіп путиннің сөзін сөйлеп жатыр. Оны көрген Путин санын шапаттап қуанып отыр, «я же говорил, куда они денутся»…
Ал ТМД аймағындағы Молдова, Гүржістан сынды «болмаса да ұқсап бағып» жүрген жас демократиялық елдердің сайлауы бола қалса Путин олардың бір жіп байланған аяғын тартып тырқылдап өлердей ішегі қатып күліп отыр. Анау байғұстар «Путин сайлауымызға араласты» деп шыр — пыр болады, Путин ондай демократтарға қарап мәз болады, оған Лукашенко қосылып тырқ — тырқ.
«Демократиялық жолмен билікке келген «торгаш» Трамптың маңына бір-бірінен өткен путиншілдер жиналып жатыр, жиналып жатыр. Ал Трамптың бірі бірінен өткен мәлімдемелерін естіп «шок» болдым. Бұл қасқа әлі ұзаққа шабады, тоқтай тұрыңдар, бұл қамбаға түсіп ойрандап жапасын жаққан сиырдай болады, көр де тұрыңыз», — деп жазды журналист.
Қазір Вашингтонның жағдайы мәз емес.
Шын мәнісінде, қансырап жатқан Украинаның редкозем металын саудалап отырған барыга Трамп — Байденнің тырнағына да татымайтын адам екен. Байғұс «торгаш» алып державаның тағына адасып келгенге ұқсайды. Бұндай эпотаждың орыны ары кетсе шағын қаланың мэриясы еді. Трамп одан арыға тартпайды.
Шарасыз президент Зеленский де жағдайдың бұл құйтұрқымен өте қиын болатындығын сезіп ішінен тынып жүр.
«Мен Зеленскийді қатты аяп отырмын. Қалай десек те Байден нағыз мемлекет қайраткері еді. Америка сынды елді сондай қайраткерлер басқару керек еді. Осы украин қоғамы кезінде Байденді қатты сынаған — тын. Мен ол кезде бұл сынды олардың шалға еркелегені болар деп қабылдадым», — деді ол.
Ол расында солай еді. Байденнің Украина үшін жасаған еңбегі орасан, ол тіпті Украина үшін өзі қылмыскер деп атаған адаммен екі рет кездесіп, екінші қолымен Украинаны бәйек қағып қаржыландырып қару жеткізумен болды. Ал соғыс басталған соң Украина үшін қолынан келгеннің бәрін жасады.
Амалы нешік, американың демократиясы бір таяз қу қарынды билікке әкеп оның жасаған жұмысын жоққа шығарып осы төрт жылда оның демократиялық әлем үшін жасаған еңбегін зая қылмақшы.
Қалай десеңіз де қазір диктаторлық жүйе өзінің тиімділігін, өміршеңдігін көрсетіп отыр, демократиялық әлем қазір тек оған ойсырап жеңілуде. Демократия әлемі өзге түгел өзін — өзі қорғай алмайтын дүние екен. Соны түсінген Орта Азия елдері өз мемлекеттілігінің кепілі болатын гарант іздеп Анкара мен Бейжіңнің арасында шапқылап жүр. Ердоған мен Ши Жың Пың диктаторлар дейді, алайда біз үшін алыстағы күмәнді АҚШ тан гөрі осы екеуі қазір анағұрлым пайдалы боп тұр.
«Әлемнің осылай өзгеріп жатқанын қақпай біздің қоғамда әлі демократия талап етіп жүрген топты көрсем, мен қазір оларды қуғынбайлар деп қабылдайтын болдым», — деп сынға алды.
Демократия ол — мемлекеттің жолы. Қазір мемлекеттің мемлекеттілігі, яғни оның заты қала ма қалмай ма деген мәселе көтеріліп тұрғанда, оған қауіп төніп тұрғанда, оның жолының қалай болатындығын талқылау әрине ақымақтық. Шыны керек, қазір демократия талап ететін жағдайда тұрған жоқпыз.
Бір сөзбен айтсақ, жағдай қиын.
«Баяғыда «Властелин колец» деген Питер Джексонның трилогиясын бәріңіз көрген боларсыздар. Ол кинода Саурон, Саруман сияқты зұлымдық бас көтеріп белең алып, ғаламшарға қауіп төндіріп жер жаһанды қаратүнек жайлағанда ел — жұрт бірлесіп араларынан Фродо, Гендольф, Арагорн, гном тағы басқаларын шығарып ол туындыда қаһармандар әлемді құтқарып қалған болатын. Адамзат жасаған бірталай қателіктерден соң 2025 жылғы біздің қазіргі әлемді де тап сондай қаратүнек жайлап келеді. Ол қаратүнектің салдары меніңше енді ауыр болады ау. Ставка өсіп барады — сансыз жанжал, қырғын, кісі өлімі, көшкін, геноцид, өзгерістер тағысын тағы», — деп қорытындылады журналист.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру