20 490 000 теңгеге бір қызметтік көлік — Қарағанды әкімдігі Тоқаев айтқан үнемдеуге қашан көшеді

Фото: Ақорда

Мемлекеттік сатып алулар сайтында «Қарағанды ​​облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан хабарландыру түскен, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Хабарландыру мәтініне сүйенсек, аталмыш мемлекеттік мекемеге су жаңа қызметтік көлік керек. Көліктің құны — 20 490 000 теңге. Өтініш беру ертең басталып, 2025 жылдың 5-ақпанына дейін жалғасады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында басы артық шығындардан бас тарту керегін бірінші кезекте айтқан еді.

«Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет», — деді Тоқаев сөз басында.

Әйтсе де, Президенттің бұл сөздерін ескерусіз қалдырған Қарағанды әкімі 20 490 000 теңгені бір ғана қызметтік көлікке жұмсамақ.

 

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит