Халыққа “Қойшы бала” атымен танымал болған Айдос Кәден өнерден кететінін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Ол өзінің ТiкTok парақшасына: “Бұйырса, ағайын, өнерден кетемін. Сәл өнерде жүре тұрайын. Өмірдегі ең үлкен қатем – Жігер ағамнан кетіп қалғаным. Кешіріңіздер”, – деп жазба қалдырды.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, Жігермен ара-қатынасының дұрысталуын тілеп жатыр.
“Бұл балаға обал болды. Жаңа ғана танымал болып келе жатып, өзіміздің қазақ бауырлары қысым көрсетіп, көрелмаушылық болды,”, “Жұлдыз болып кетіп едің”,- деп пікір қалдырды.
Айта кетсек, осыған дейін Жігер Ауыпбаев “қойшы балаға” өз ренішін білдіріп, ендігәрі продюсері болмайтынын айтқан болатын.
“Ауылдан Алматыға алып келіп қанатымның астына алып, қаншама талантты іні-қарындастарым армандап жүрген сахналарға жетектеп шығарғанымды қайтейін… Ең өкініштісі, көпшілік көріп куә болып жүрген кішігірім еңбегімді елемегенің. Сенің алар асуларың әлі алда еді, Айдосжан. «Қайта кірер есігіңді қатты жаппа», «Ішкен құдығыңа түкірме» дейді қазақ. 3 жыл үйімде тұрып, асымды ішіп келіп тиктоктың тікелей эфирінде көпшілікке айтып отырған әңгімеңді естіп, көріп мен ұялып отырмын.”
ПІКІР ЖАЗУ