Халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін деп танылған күдікті 22 жасар қазақстандық азамат Стамбулдан Алматыға айдауылмен депортацияланды, деп жазады Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі.
Тергеу материалдарына сәйкес көрсетілген Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген.
Күдіктіні ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесу арқылы ұстады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауы нәтижесінде қолға түсіп, отанына қайтарылды.
Ұсталған азаматқа қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр.
Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ПІКІР ЖАЗУ