2024 жылғы Олимпиада ойындарынаарналған форманың дизайны анықталды

Париждегі Олимпиада ойындарына арналған Қазақстан құрамасының дизайнын таңдау бойынша конкурс аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

Комиссия үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады:
«Спорттық форма» — ЖК Health & Sport;
«Салтанатты спорт формасы» — «Эксклюзив Студио» ЖШС;
«Ту ұстаушыларға арналған спорттық форма» — «Эксклюзив Студио» ЖШС.

Конкурсқа қатысу үшін эскиздерді 15 үміткер жіберді. Комиссия құрамына 18 адам, оның ішінде туризм және спорт министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитетінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері және қазіргі спортшылар кірді.

«Барлық таңдалған эскиздер қатысушылардың пікірін ескере отырып әзірленді және спорттық киімнің жоғары стандарттарына сай келеді», — деп атап өтті ведомстводан.