2022 жылы Қытайдан келген туристерден түскен пайда 16 миллион доллар құрады

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мәліметі бойынша 2022 жылы Қазақстанға Қытайдан келген туристерден түскен табыс 16 млн долларды құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе артық (8,9 миллион доллар).

Бұл ретте бір қытайлық турист Қазақстанға келген кезде орта есеппен 1000 доллар жұмсайды.

«Қазақстан туристік дестинация ретінде бірқатар елдердің, соның ішінде ҚХР азаматтарының сұранысына ие. Қытайлық туристердің визасыз болу мерзімін 14 күннен 30 күнге дейін ұзарту бизнеске олардан көбірек пайда табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, басқа елдерден саяхатшыларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде», – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Даниел Сержанұлы.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...