Танымал блогер Мереке Қалбаева басынан өткен ауыр күндерін журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
“100 емес 200 млн-ға жақын еді қарызым. 100 миллионнан 4 айда құтылып тастадым, Аллаға шүкір! Қалғанын да жаба аламын. Бірақ жасырып шаршап кеттім. Мені қинағаны Арсенге айта алмай жүргенім еді. Ол да білді. Хайырлысы… Үлгілі отбасы едік, әрі қарай да солай болайық деп дұға жасап қойыңыздар”, – деді актриса.
Ол кезінде қарызға батқаны үшін күйеуімен ажырасып, қосылғанын жеткізді.
“Осы нәрсе маған жүк болып кетті. Әрдайым осы істеп жатқан нәрселерімді Арсеннің білмегені маған бататын еді. Негізі Арсен тастамайды ғой. Құдай сақтасын, ажырасып та кетпеймін. Бірақ білмеймін. Себебі біз 3,5 млн-ға ажырасып кеткен адамбыз. Ажырасып, қосылған… Қазір не болатынын да елестете алмаймын”, — деп көз жасына ерік берді жайдарманшы.
ПІКІР ЖАЗУ